Әлеумет
NASA Мақтааралдағы су тасқынына дейінгі және кейінгі жағдайды көрсетті
- author «Ақ жол»
- 14 мамыр, 2020
- 464
NASA Мақтааралдағы су тасқынына дейінгі және кейінгі жағдайды көрсетті
Ғарышты зерттеу бойынша америкалық NASA ұлттық агенттігі Қазақстанның Түркістан облысы Мақтаарал ауданы мен Өзбекстан аумағының спутниктен түсірілген суреттерін жариялады. Онда Сардоба су қоймасы жарылғанға дейінгі және кейінгі жағдай көрсетілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі агенттікке сілтеме жасап.
Фотосуреттер 22 сәуір мен 8 мамырда Landsat 8 спутнигінің көмегімен түсірілген.
22 сәуірдегі сурет 8 мамырда түсірілген суреттерден судың қай жерге дейін барғанын және су қоймасының қазіргі жағдайын көруге болады.
бірі жарылған еді. Кейін Түркістан облысы Мақтаарал ауданында төтенше жағдай жарияланды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан Түркістан облысының 10 ауылын су басқанын мәлімдеген.
Сондай-ақ бүгін Үкімет отырысының басында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев су басқан ауылдарға байланысты баяндама жасап, Өзбекстан тарапы біздің коллекторларды тазалауға көмектесетінін айтқан болатын.
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаман өңірдегі су басқан ауылдарға көмек ретінде ашылған қорға қанша ақша түскені әлі белгісіз екенін айтқан еді.
22 сәуірдегі сурет
бірі жарылған еді. Кейін Түркістан облысы Мақтаарал ауданында төтенше жағдай жарияланды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан Түркістан облысының 10 ауылын су басқанын мәлімдеген.
Сондай-ақ бүгін Үкімет отырысының басында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев су басқан ауылдарға байланысты баяндама жасап, Өзбекстан тарапы біздің коллекторларды тазалауға көмектесетінін айтқан болатын.
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаман өңірдегі су басқан ауылдарға көмек ретінде ашылған қорға қанша ақша түскені әлі белгісіз екенін айтқан еді. Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




