Ұлттық қордың активтері бір айда 1,1 млрд долларға артты
Алтын-валюта резервтері сәуірде 2,4% өсім көрсеткен
Соңғы бір айда Қазақстанның Ұлттық қорының активтері 1,1 млрд АҚШ долларына немесе 1,9%-ке ұлғайып, жалпы көлемі 58,5 млрд АҚШ долларына жеткен. Бұл жайында Үкімет отырысында Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев айтты.
«Активтердің өсуіне (1,5 млрд АҚШ долларына) инвестициялық кіріс есебінен акциялар нарығының наурыздағы төмендеуінен кейінгі ішінара қалпына келуі (өсім шамамен 11%) негіз болды», - деді Ұлттық банк басшысы.Ал, Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері сәуірде 2,4%-ға немесе 0,7 млрд АҚШ долларына өсіп, жалпы көлемі 30,5 млрд АҚШ долларын құрады. Бағалы металл құны 7% өсім көрсеткен. Жалпы халықаралық резервтер сәуірдің соңында 89,04 млрд АҚШ долларына жетіп, бір айда 2,1%-ға өскен. Еске сала кетейік, жақында Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова 2020 жылдың сәуіріндегі валюта нарығындағы ахуал туралы түсіндіріп өткен болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Баланы сөзбен емес, өнегелі ісіңмен тәрбиеле
- 27 қаңтар, 2026
«Тұрақты жұмыс тауып берсе, көмектің «көкесі» сол болар еді...»
- 27 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




