Сарбаздар мен әскери техника блок-бекеттерден кетеді
Оларға карантин режимін қамтамасыз ету және вирустармен күресте маңызды міндеттер жүктелді
Елде төтенше жағдай режимінің аяқталуына байланысты блок-бекеттерді күзеткен әскерилер мен әскери техникалар тұрақты жұмыс орындарына оралады. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оларды кері қайтару әскери-көлік авиациясының күшімен, сондай-ақ, өз жүрісімен жүзеге асырылады.
«Бұл ретте, арнайы жиындарға шақырылған аумақтық қорғаныс әскерлерінің әскери қызметшілері өз міндеттерін бұрын бекітілген мерзімдерге және жергілікті атқарушы органдардың жоспарларына сәйкес орындауды жалғастырады», - делінген аталған хабарламада.Елде төтенше жағдай енгізілген күннен бастап әскерилерге режимді қамтамасыз ету және вирустармен күресте маңызды міндеттер жүктелді. Әскери қызметшілер аумақтар мен объектілерді өңдеуді жүргізіп, блок-бекеттерде және патрульдерде қызмет атқарды.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




