Әлеумет
11 мамырдан бастап әуе жолаушыларынан COVID-19 туралы анықтама талап етілмейді
- author «Ақ жол»
- 11 мамыр, 2020
- 564
11 мамырдан бастап әуе жолаушыларынан COVID-19 туралы анықтама талап етілмейді
Бұл туралы Көліктегі бас мемлекеттік санитар мәлім етті
1-10 мамыр аралығында әуе транспортын пайдаланған жолаушылар арасында коронавирус жұқтырған бірде-бір адам тіркелмеген. Осыған байланысты, Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабыловтың қаулысы бойынша 11 мамырдан бастап жолаушылардан ПЦР тестінен өткені туралы анықтама талап етілмейді. Бұл туралы мәлім етті.
«Ағымдағы жылдың 1-10 мамыры аралығында әуе жолаушылары, әуежайлардың қосалқы қызмет қызметкерлері және әуе кемелерінің экипаждары арасында жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған жағдай тіркелмеген. Қашықтық сақтау, анкета толтыру, маскамен жүру, шығарып салушыларды терминал ғимаратына жібермеу сияқты талаптар бұрынғыдай қала береді», - деп түсіндірді ол.Естеріңізге сала кетейік, Көліктегі бас мемлекеттік санитар шешімімен 7 мамырда ұшақтарға жолаушылар бір орын қалдырып отыруы тиіс деген талап алынып тасталғанын хабарлады.
«Біз екі қалаға келіп жатқан жолаушыларды күн сайын бақылап отырдық. Оның үстіне жолаушылардың өз денсаулығына үлкен жауапкершілікпен қарайтынын байқадық. Осыған көз жеткізгеннен кейін ғана ұшақтарға жолаушыларды толық отырғызуға мүмкіндік бердік. Бұл әу баста қаулы қабылдаған кезде осылай жоспарланған болатын», - деп түсіндірді ол.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




