Балаларға базарлық
Қазақстан халықтарының бірлігі күніне «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас ғимаратының ұжымы зауыт қарамағындағы Жастар үйінің балаларына сый-таралғы жасады.
Серіктестіктің SAP консультанты Анель Иржанованың айтуынша, мекеме басшысының тарапынан қолға алынған бастамаға барлығы 270 000 теңге қаражат жиналған.
Жас мамандар жатақханасына барған зауыт өкілдері 39 балаға сыйлық үлестіріп,
құқық бөлімінің бастығы Олег Калентьев жиылған қауымды мерекемен
құттықтады. Бұған мәз-мейрам болған балақайлардың жүзі балбұл жанды. Осыған байланысты Жастар үйінің тұрғыны Ерке Шардарбекова: «1 Мамыр күні серіктестік тарапынан сыйлықтар беріліп, бүлдіршіндеріміз бір қуанып қалды. Зауыт басшылығына сол үшін рахметімізді айтамыз», – деп, ата-аналар атынан алғысын жеткізді.
Альмира ОМАРОВА
Ұқсас жаңалықтар
Қоршаған ортаны қорғауға қоғам белсенділігі қажет
- 19 қыркүйек, 2024
Болашағын әскери саламен байланыстырған сарбаздар
- 19 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді