Өткенсіз бүгін, бүгінсіз ертең жоқ
Немесе жүз жасаған жүректерден Биыл Жамбыл облысының құрылғанына 80 жыл толып отыр. Тарихи тарымырын сонау 1939 жылдан тартқан өңіріміздің қатпар-қатпар шежіресінде нешебір заман өтті. Біртұтас Отанымыздың бөлшегі болғандықтан, киелі Әулиеата жерінде болған оқиғалар мен есте қаларлық жағдайлардың басым бөлігі мемлекетімізде орын алған өзгерістермен өріліп отырғаны белгілі. «Өткенсіз бүгін, бүгінсіз ертең жоқ» дегендей, егер көп сырды ішке бүккен тарихты ақтарар болсақ, сарғайса да саф алтынға бергісіз сол деректер былай сайрап жөнелер еді. «ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Ресей империясы Түркістан генерал-губернаторлығына бағынған Сырдария уезіне қараған. 1867 жылғы 11 маусымда қабылдаған жаңа жерлерді басқару жөніндегі «Уақытша Ережеге» сәйкес Әулиеата уезі құрылып, Сырдария облысының қарамағына өтеді. 1917 жылы Қазақ төңкерісінен кейін уезд алғашында РКФСР-ға кірген Түркістан АКСР-нің, кейіннен КСРО құрамындағы Қазақ АКСР-нің, ең соңында КСРО құрамындағы Қазақ КСР-інің қарамағында болыпты. 1924 жылы Орта Азиядағы Ұлттық-аумақтық межелеуге байланысты уезд Сырдария облысының, кейінірек Алматы округінің құрамына енген. Өлкенің өндіргіш күштерін шапшаң дамыту және оны әлеуметтік-мәдени тұрғыдан түлету жөніндегі мәселелерді шешу мақсатында әрі қарай Оңтүстік Қазақстан облысы, одан жеке бірліктер ретінде 1938 жылы Қызылорда облысы, ал 1939 жылы Жамбыл облысы бөлінеді. Дей тұрғанмен Оңтүстік Қазақстан облысынан Жамбыл, Луговой, Меркі, Сарысу, Свердлов, Талас, Алматы облысынан бөлінген Красногор, Қордай, Шу және 1951 жылы Оңтүстік Қазақстаннан тағы Жуалы ауданы алынған. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Сейдахан Бақторазовтың зерттеу жұмыстарына сүйенсек, өз алдына облыс болып шыққанда Жамбыл қаласындағы коммуналдық шаруашылық органдарына тиесілі үйлердің саны 395-тен аспаған, ал аудандар бойынша олардың саны 625-ке әрең жеткен. «Облысымыздағы абаттандыру мәселесіне келсек, қала мен аудандардағы 3 электр стансасы мен бірнеше жергілікті жерде құрастырылған кішігірім электростансалар негізінен өнеркәсіп орындарының қажеттілігін өтеуден аса алмады. Жеке үйлерге Ильич шамы жетпеді. Көшелерді жарықтандыру туралы сөз де қозғалған жоқ. Облыстағы жалғыз қала – Жамбылымызда жол мәселесі қаперге алынбады. Осылай, қала көшелеріндегі 150 километр жолдың тек 11 километрі ғана тегістеліп жөнделсе, тротуарлардың жөнделген бөлігі 1 километрге де жетпеді. Ал жаңадан құрылған облысымыздың жол жөндейтін стансасында бар болғаны 10 автомашина, 7 трактор, 1 мотокаток, 8 металлприцепті каток, 13 грейдер, 1 металл үтік, 9 механикалық күрек, 14 ат күрек, 4 арыққазғыш қана болды. Сумен қамтамасыз ету іс-шаралары жүргізілмегендіктен, халықтың көпшілігі суды арықтан алып ішті. Жалпы облысымыз құрылған кезеңде өңірімізде 20 өнеркәсіп орны жұмыс істеп, онда 3400 адам еңбек етті. Ал 1940 жылы Жамбылда темір жол торабы, екі автобаза, почтампт, телефон стансасы және төрт құрылыс ұйымдары жұмыс атқарды. 18 мектеп жұмыс істеп, онда 10 мың оқушы оқыса, үш орта оқу орнында 1000 оқушы білім алды. Қалада 252 төсектік емханада 27 дәрігер жұмыс істесе, облыс бойынша ауылдық медициналық пункттердің саны 88-ге жетті. Дегенмен 70 фельдшерлік пункттің тек 62-сі ғана жұмыс істеді. Қалғаны медициналық жұмысшылардың жоқтығынан қаңтарылып тұруға мәжбүр болды. Облыс бойынша барлығы 141 төсектік 4 перзентхана болса, соның ішінде қалада 33 төсектік 1 перзентхана, Красногорда 14 төсектік 2 перзентхана, колхоздарда 24 перзентхана болғанымен, соның тек 38 төсектік 11-і ғана жұмыс істеп тұрды» деп жазады тарихшы. Ал сол бір кез көнекөз қариялардың есінде несімен қалды? Өткен ғасырдың 40-жылдарындағы бозбалалар мен бойжеткендер облыс құрылған жылдарды қалай сезінді? Ол уақытта нендей өзгерістер мен елең еткізер жаңалықтар болды? Бұл сауалдардың жауабын бүгінгі тірі аңыздардан естіп-білген едік. Николай ПОТЫКУН, Меркі ауданының 100 жастағы тұрғыны: – Мен 1919 жылдың 2 қазанында Украинаның Харьков облысы Юрчинковоауылында дүниеге келіппін. Дегенмен Кеңес үкіметінің украин ұлтшылдығының тірегі деп санаған ауқатты шаруаларға қарсы мәжбүрлеп ұжымдастыруы мен репрессиясынан біздің отбасымыз Меркі ауданына қоныс аударды. Қазақ жеріне табан тірегенімізге екі апта болғанда КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарының кейбір аудандарының бөлініп шығуынан Жамбыл облысы құрылды. Өзім соғысқа дейін МТС-та ауыл шаруашылығы машиналарының слесарі болдым. Ол кезде техника қазіргідей емес. Солардың арқасында біраз тірлігіміз өнді десек те, олардың бар деген тек аты ғана, бәрі ескі еді. Бір күн істесе, екі күн тұратын. Мен соларды жөндеп әлекпін. Сондықтан ол уақытта колхозшылар негізінен жылқыны пайдаланатын. Өйткені аттар соқалар мен тырмаларды, сепкіштер мен шалғыларды итеруде таптырмас көмекші-тұғын. Сол бір қиын шақтардан бізді алып шыққан жылқылар болды десем, артық айтқандық емес. Соғыстан кейін біздің аудан қант қызылшасын өсіру мен қайта өңдеу бойынша өңірде алдыңғы қатарды бермеді. Қант зауытына ол уақытта керекті жабдықтар менің тарихи Отанымнан жеткізілетін. Бұл мені ынта-шынтаммен жұмыс істеуге жігерлендіруші еді. Жұмыс істей жүріп техниканы меңгеруге өзгелерді де баулуға тырыстым. Осы уақытқа дейін Меркінің ауыл шаруашылығында менің шәкірттерім еңбек етуде. Олардың біразы тәуелсіздік жылдары табысты фермерлерге айналды. Дәнеқыз НҰРБАЕВА, Мойынқұм ауданының 103 жастағы тұрғыны:
- Жас шағымыз кәмпеске мен ашаршылыққа тап келді. Одан кейін Ұлы Отан
- Облысымыз құрылмай тұрып халықтың көрген азабы аз болған жоқ. 1939
- Ол кезде Қарасай ауылы Колос деп аталатын. Негізгі шаруашылық – темекі
- Қазақтың басынан қаншама қиыншылық өтті. Соның барлығы мені де айналып
Ұқсас жаңалықтар
Қоршаған ортаны қорғауға қоғам белсенділігі қажет
- 19 қыркүйек, 2024
Болашағын әскери саламен байланыстырған сарбаздар
- 19 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді