Әлеумет
ҰОС жылдары қаза тапқан қазақстандық жауынгердің денесі елге жеткізілді
- author «Ақ жол»
- 10 мамыр, 2020
- 424
ҰОС жылдары қаза тапқан қазақстандық жауынгердің денесі елге жеткізілді
Оның жерленген жері 78 жылдан кейін анықталып отыр
1942 жылдың қазан айында Смоленск түбіндегі шайқаста қаза тапқан қазақ сарбазының мәйіті əскери бортпен елордалық авиациялық базасына жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қорғаныс министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
«Әскери қызметшінің мәйіті сәуір айының басында Смоленск облысының Темкин ауданында іздеу-барлау экспедициясын жүргізу кезінде табылды. Қайтыс болған жауынгердің сақтаулы қалған медалі арқылы аты-жөні анықталды. Белгісіз жауынгер Қарағанды облысы Шет ауданы Жастерек ауылының тумасы Медет Аманжолов болып шықты. Соғыс алдында ол әскерге шақырылып, 1941 жылы 24 жасында майданға аттанады. Оның соңғы қызмет орны 125-жеке атқыштар бригадасы болды», - деп жазылған хабарламада.Жауынгердің туыстары Шет ауданында тұрады. 1942 жылы отбасы Медет Аманжолов Смоленскті қорғауда ерлікпен қаза болғаны туралы хат алған. Сарбаздың жерленген жері 78 жылдан кейін анықталды. Әскери авиация күштері қазақ жауынгерінің сүйегін елге қайтарды. Жақын арада жауынгер Шет ауданының Ағадыр зиратында қайта жерленеді.
Ұқсас жаңалықтар
Тифло жобасы – зағип жандар үшін шексіз мүмкіндік
- Бүгін, 05:06
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




