Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 4 миллионнан асты
Әлем бойынша коронавирустан 276 мыңнан астам адам қайтыс болды
Американың Джон Хопкинс университетінің деректері бойынша, әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 4 миллионнан асты. Оның ішінде 1 млн 385 мың адам індеттен жазылып шықты. Инфекциядан 276 мыңнан астам адам қайтыс болды.
Алғашқы ондықта АҚШ (1 млн 321 мыңнан астам), Испания (260 мың), Италия (217 мың), Ұлыбритания (211 мың), Ресей (187 мың), Франция (176 мың), Германия (170 мың), Бразилия (145 мың), Түркия (135 мың), Иран (104 мың) мемлекеттері бар.
Айта кету керек, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 4834 адамға жетті. Індеттен 1631 адам жазылып шықты. 31 адам қайтыс болды.
Ұқсас жаңалықтар
Тифло жобасы – зағип жандар үшін шексіз мүмкіндік
- Бүгін, 05:06
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




