Әлеумет
Қазақстан су тасқыны бойынша Өзбекстанға наразылық нотасын жолдамайды - СІМ
- author «Ақ жол»
- 5 мамыр, 2020
- 408
Қазақстан су тасқыны бойынша Өзбекстанға наразылық нотасын жолдамайды - СІМ
Сыртқы істер министрлігі Түркістан облысындағы жағдайға қатысты түсініктеме берді
ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Өзбекстан Республикасы аумағындағы Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуы және оның салдарынан Түркістан облысының бірқатар елді мекендерін су басу бойынша жағдай Үкімет бақылауында екенін айтты.
«2 мамырда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлескені және сұхбат барысында тараптар орын алған жағдайды нақты талқылап, екі ел үкіметі үйлесімді жұмыс атқаратыны туралы уағдаласқаны мәлім. Су басу салдарын бірлесіп жою бойынша үкімет пен шекаралас өңір басшыларының өзара тығыз іс-қимылын назарға ала отырып, өзбек тарапына ҚР Сыртқы істер министрлігінің нотасын жолдау мәселесі қарастырылмайды», - дейді ол.Түркістан облысының әкімі Өзбекстанның көршілес өңірлеріне жедел түрде сапар жасады, сондай-ақ өзбек тарапымен қажетті келіссөздер жүргізіп, оның қорытындылары туралы Үкіметтің бүгінгі отырысында баяндады.
«Өздеріңізге мәлім, Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр бастаған Үкіметтік комиссия құрылды. Ертең ол Түркістан облысы мен Өзбекстанға бірлескен іс-қимыл алгоритмін пысықтау үшін барады. Екі тараптың барлық байланыстары толықтай Мәңгілік достық және стратегиялық әріптестік туралы шарттардың және Трансшекаралық су ағындары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану жөніндегі Конвенцияның нормаларына сәйкес жүзеге асырылады», - деп түсіндірді ол.Еске салайық, Түркістан облысы Мақтаарал ауданында 6 127 тұрғыны бар 5 елді мекен - Жаңа Тұрмыс, Жеңіс, Фирдоуси, Өргебас, Достық ауылдары толығымен су астында қалған. 14 елді мекеннен 31 606 тұрғын эвакуацияланды.
Ұқсас жаңалықтар
Тифло жобасы – зағип жандар үшін шексіз мүмкіндік
- Бүгін, 05:06
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




