Әлеумет
Birgemiz қоры Мақтааралға 40 тонна гуманитарлық көмек жіберді
- author «Ақ жол»
- 5 мамыр, 2020
- 454
Birgemiz қоры Мақтааралға 40 тонна гуманитарлық көмек жіберді
1500 отбасыға азық-түлік қорабы таратылады
Су тасқынынан зардап шеккен Мақтаарал ауданына «Біз біргеміз» қорынан 40 тонна гуманитарлық көмек жөнелтілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.
«Nur Otan» партиясы әрқашанда халықпен, елмен бірге екенін танытып, Нұр-Сұлтан қаласынан 40 тонна азық-түлікті 1500 отбасына жеткізіп беруді қолға алып жатыр», - деді «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы Елнұр Бейсенбаев.Азық-түлік тиелген жүк көлігін Орталық аппарат қызметкерлері мен «Jas Otan» жастар қанатының еріктілері бастап барады. 40 тонналық гуманитарлық көмектің барлығы азық-түлік. Әр отбасыға 30 келіден беріледі. Айта кетейік, аудандағы су тасқынынан Жеңіс, Өргебас, Достық, Жаңатұрмыс, Фирдоуси ауылдарынан жалпы 31 мың азамат қауіпсіз аймаққа шығарылған болатын. Соның 17 мыңнан астамы Мырзакент кенті мен Ақжол ауылының тұрғындары.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




