Әлеумет
Мерзімді әскерге шақырылғандар COVID-19 бойынша тесттен өткізіледі
- author «Ақ жол»
- 4 мамыр, 2020
- 442
Мерзімді әскерге шақырылғандар COVID-19 бойынша тесттен өткізіледі
Өңір әкімдіктеріне осыған сәйкес тапсырмалар жолданды.
Сурет : express-k.kz4 Мамыр 2020, 10:49
Мерзімді әскери қызметке шақырылған қазақстандықтар COVID-19 бойынша тесттен өткізіледі. Бұл туралы ҚР Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру және жұмылдыру жұмысы бөлімінің бастығы Сәкен Жүсіпов мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.
Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша, Қарулы Күштер мерзімді әскери қызметтен босатылатын әскери қызметшілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірқатар практикалық шараларды жоспарлап, жүзеге асырады. Жергілікті атқарушы органдар мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтарды ПТР тестілеуінен өткізуі керек, сонымен қатар әскерге шақырылушыларды хабарлау және жинау, жиналу орындарында, медициналық тексеруден өткізіп, әскерге жіберу кезінде барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуын қамтамасыз етуі керек, - деді Сәкен Жүсіпов.Ол елдегі төтенше жағдайдың алғашқы күндерінен бастап Қарулы Күштер түрлі міндеттерге белсенді қатысып отырғандығын атап өтті. Бүгінгі таңда 29 қалада шамамен 9,5 мың әскер жұмылдырылған. Олар патрульдеу және дезинфекция жұмыстарымен шұғылданады.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




