Әлемді бірлік құтқарады

Әлемді бірлік құтқарады
ашық дереккөз
Әлемді бірлік құтқарады
Әлем халықтарын алаңдатып отырған пандемия біздің елді айналып өткен жоқ. Көліктер жүрмейді, ұшақтар ұшпайды, адамзат тіпті жақын-жуығымен қатынаспайды. Планетаны дүрліктірген індетті бүгінде үш миллионнан астам адам жұқтырып алса, ондаған мың адам осы дерт салдарынан көз жұмған. Еліміздің бүгінгі бейбіт күні уысымызға оңай олжа болып түспегені анық. Қазақстан қазіргідей бірігу мен бірлесуге негізделген саясатын ұзақ жылғы еңбек пен Елбасының мықты саясаткерлік қабілетінің арқасында қалыптастырған. Әлемге ауыр тиіп тұрған індетті тек халқымыздың төзімділігі, ерік-жігері және өзіне деген зор сенімінің, тәртіптің арқасында ғана жеңіп шығатынымыз анық. Осы орайда мен Елбасының пандемияға қатысты мақаласын ерекше атап өткім келеді. Онда Н.Ә.Назарбаев сөзін үш топқа жіктеп айтқан. Бірінші топ аға ұрпақ, зиялы қауымға халықты ынтымақ-бірлікке және сабырлыққа шақырып, жастарды еңбекке, білімге құштарлыққа, қатарының алды болуға үндеңдер деген. Себебі бұл біздің ұрпақ алдындағы жауапкершілігіміз. Тұңғыш Президентіміздің келесі айтылған сөзі болашақ ұрпағымызға бағытталған. Оларға «Еліміздің ең қуатты күші өздеріңсіңдер» деді. Саналы адамға мына сөз әсер етпей қоймауы мүмкін емес. Бұдан өзге оларға аға буынның ұрпақ үшін аянбай еңбек еткендері, кезек өздерінде екендері әрі жаманнан жиреніп, жақсыдан үйренулері керек екендері, үлкенге – құрмет, кішіге – ізет көрсетіп, бауырмал болу басты міндеттері екені айтылды. Ал үшінші сөзін кәсіпкерлерге қарата айтты. Оларға «Мен еліме не беремін?» дейтін сын сағаттың туғандығы айтылды. Расымен, кәсіпкерлердің халыққа көмек қолын созатын дәл уақыты. Әрине, жомарт жандар баршылық. Олардың шарапатын да көріп жатырмыз. Міне, елін сүйген, халқын аялаған, сын сағатта халықтың қасынан табылған ер осындай болмақ. Елбасы мақаласын оқыған әрбір жанның көкейіндегі күдік сейіліп, сенімділігі артады, тек бүгінгі таңдағы жағдайда ғана емес кез келген уақытта көңілдеріне медеу болатынына кәміл сенімдімін. Әлемді бірлік құтқаратынын ұмытпайық. Бахром Муминов, «Жамбыл облысы өзбек этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

Ұқсас жаңалықтар