Қызғалдақтар – өңір бренді
[gallery bgs_gallery_type="slider" ids="114668,114669,114670,114671,114672,114673"]Сайын даланы сан түрлі түске бояған көктем мезгілі толық күшіне еніп келеді. Айналаны алқызыл түспен көмкерген ғажап мезгілдің қызықтарын фототілшілер де тамашалады. Әріптесіміз Ақәділ Рысмахан, Знамя труда газетінің фототілшісі Юрий Ким, арайлық Алтынбек Қартабай, «77 TV» телеарнасының операторы Санат Аралбек бастаған азаматтар жылдағы дәстүр бойынша «Жамбылдың қызғалдақтары» атты фотоэкспедицияға қатысты. Іс-шара облыс әкімдігінің туризм басқармасы мен табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қолдауымен іске асты. «77 TV» телеарнасы ақпараттық қолдау көрсетті. – Фотоэкспедиция Жуалы, Қордай және Меркі аудандарының шатқалдары мен тау бөктеріндегі қызғалдақтар белсенді гүлдену кезеңінде ойластырылған, – дейді облыстық туристік ақпарат орталығының директоры Ұлан Жолдықұлұлы. Іс-шара барысында облыстың флорасы мен фаунасы туралы жоғары сапалы материалдар, фотосуреттер мен бейнежазбалар дайындауға баса назар аударылды. Бұл материалдар туристерді тартуға септігін тигізері сөзсіз. Фотоэкспедицияға қатысушыларға Жуалы ауданы «Орман және жануарлар дүниесін қорғау» мекемесінің аға орманшысы Қалымхан Холоканов, орманшы-қорықшы Рүстем Назарбеков және Ринат Мәдібек көмектесті. Олар барлық гүлденген жерлерді білетіні белгілі. Берікқара шатқалына барып, қызғалдақтардың сан түрін түсірген Ақәділ Рысмаханның суреттерін оқырмандар назарына ұсынғанды жөн көрдік. Әріптесіміздің объективіне Кауфманн, Грейг секілді көптеген қызғалдақтар ілінді. Қырдың қызыл қызығын тамашалаңыз, оқырман! Бұл – біздің өңірдің байлығы.
«Аq jol-Aqparat».
Ұқсас жаңалықтар
Тифло жобасы – зағип жандар үшін шексіз мүмкіндік
- Бүгін, 05:06
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




