Әлеумет
COVID-19 кезінде өкпеге неліктен зақым түсетіні белгілі болды
- author «Ақ жол»
- 29 сәуір, 2020
- 492
COVID-19 кезінде өкпеге неліктен зақым түсетіні белгілі болды
Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, коронавирус пневмонияны тууына себеп болмайды. Қауіпті асқынуға коронавирус жұқтырған науқастың организмінде темірдің жетіспеуі себеп болады. Бұл туралы Ресей терапевтерінің ғылыми медициналық қоғамының вице-президенті, медицина ғылымдарының докторы, профессор Леонид Лазебник "Аргументы и Факты" порталына берген сұхбатында айтты.
Бұл - антибиотиктер COVID-19 жұқтырған науқасқа көмектеспейтіні және жасанды тыныс алдыру аппаратының көмектеспейтіні туралы сұрақтың жауабы.
"Коронавирус жұқтырған кезде өкпенің нашарлауы пневмонияға ұқсамайды, оны алғаш қытайлық дәрігерлер анықтаған. Артынша мұны америкалық және израилдік дәрігерлер растаған. Өкпе тінінің коронавирус инфекциясы кезінде зақымдалғанын компьютер томографиясы анықтайды. Ал әдеттегі пневмонияны рентген зерттеуі де көрсетеді", - дейді профессор.Леонид Лазебник COVID-19 гемоглобин геніне зақым келтіретінін, нәтижесінде темір атомы бұғатталатынын айтады. Нәтижесін адам организмінде темір жетіспеуі пайда болып, оттегі алмасуына кедергі келтіреді.
"Бұл қауіпті асқыну ферритиннің (ағзадағы темірді топтастыратын, бауырда өндірілетін ақуыз) ұлғаюына әкеп соғады. Ферритиннің артық болуы "цитокин дауылы" - иммундық жүйенің шамадан тыс реакциясын тудырады, иммундық жасушалардың артық мөлшері пайда болады. "Цитокин дауылы" жай-күйдің кенеттен нашарлауына әсер етеді, бұл ауруды жеңіл өткеретін науқастардың кенеттен көз жұмуына себеп болады", - дейді профессор.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




