Облыс әкімі Тараз қаласының өндірістік және әлеуметтік нысандарымен танысуды жалғастыруда. Дүйсенбі күні ол кардиохирургия және трансплантология ғылыми клиникалық орталығында болды. Материалдық-техникалық базасының жағдайы және мамандардың біліктілік деңгейі бойынша бұл медициналық мекеме республикадағы ең алдыңғы қатардағылардың бірі болып табылады. Күні бойы мұнда жүзге жуық науқас қабылданады.
Медициналық орталықтың директоры Сейітхан Жошыбаев Бердібек Сапарбаевті нысанда аратып, медициналық бөлмелерді, зертханаларды, операциялық бөлмелерді және палаталарды көрсетті. Емханада 7 бөлім, 65 стационарлық төсек бар. Медицина қызметкерлері - 74 адам, оның ішінде 20 дәрігер бар. Ғылыми орталық негізінен мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейді, басқа медициналық қызметтерді қоспағанда, мұнда жылына үш жүзге дейін жүрекке ота жасалады. Орталық осыған ұқсас шетелдік медициналық мекемелермен іскерлік байланыста десек, оның негізінде онлайн режимде конференциялар мен семинарлар өткізуді дәстүрге айналдырған.
Облыс әкімі орталық қызметкерлерінің жұмыстарына сәттілік тіледі.
«Темір-Байлық» өндірістік кәсіпорнында Бердібек Сапарбаевты директор Сапарғали Әбдіқайымов қарсы алды.
Кәсіпорын металл конструкциялар мен шағын сәулет формаларын шығарады. Қазіргі уақытта Тараз қаласы әкімдігінің тапсырысымен автобус аялдамалары, балалар мен спорт алаңдарының өндірістік құрылымдарын дайындауда. Мұнда 20-дан астам адам жұмыс істейді десек, олардың жалақыларының аздығы ойландырмай қоймайды. Облыс әкімі кәсіпорын директорына жұмысшылардың еңбегін лайықты түрде бағалап, ынталандыру керектігін баса айтты.
Сондай-ақ, аймақ басшысы «Таразводстрой» кәсіпорнына да арнайы барды. Қазіргі уақытта компания жолдар салу және қиыршық тасты және құм өндірумен айналысады. Директор Ерлан Сарыбаев алдағы уақытта бетон өндіруге ниетті екендігін жеткізді.
Бердібек Сапарбаев кәсіпорын басшылығына тендерлерге белсенді қатысуға және өндірісті дамыту жөнінде кеңес берді.
Әлеумет
Облыс әкімі Тараз қаласындағы бірқатар нысандарды аралады
- author «Ақ жол»
- 28 сәуір, 2020
- 432
Облыс әкімі Тараз қаласындағы бірқатар нысандарды аралады
Ұқсас жаңалықтар
Тифло жобасы – зағип жандар үшін шексіз мүмкіндік
- Бүгін, 05:06
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




