Әлеумет
Греф несиелік демалыстардың ресейлік банктерге 160 миллиард рубль шығын әкелетінін айтты
- author «Ақ жол»
- 26 сәуір, 2020
- 383
Греф несиелік демалыстардың ресейлік банктерге 160 миллиард рубль шығын әкелетінін айтты
Ресейлік журналист, тележүргізуші Наиль Әскер-заденің «Қауіпті вирус. Экономика» бағдарламасына қатысқан «Сбербанк» Басқарма төрағасы Герман Греф несиелік демалыстар Ресей банктеріне 160 миллиард рубль шығын әкелетінін айтты.

«Бізде қайта құрылымдау бойынша жүздеген мың өтініштер бар. Несиелік демалыстар банктерге шамамен 160 миллиард рубль шығын әкелетінін есептедік»,- деді Греф.
Сондай-ақ, Греф шағын және орта бизнеске несиелерді қайта құрылымдауға сұраныс жоғары екенін айтты. «Қазіргі уақытта 0% -дық несие ерекше сұранысқа ие, біз 5 мыңнан астам өтінімді мақұлдадық. Жалпы алғанда бұл несиелер біздің клиенттер базасында 50 мыңнан астам кәсіпкерлер үшін қол жетімді. Және күні бүгінге дейін 1,5 мыңнан астам несие берілген»,- деді ол.
Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин кеше банк өкілдерімен кездескен кезде кейбір қолдау шараларының қол жетімді еместігін, атап айтқанда ипотекалық демалысты ұсынуда туындаған проблемаларды атап өтті. РФ президенті барлық кедергілерді жоюды және қажет болған жағдайда азаматтарға және бизнеске уақытылы көмек көрсету үшін нормативтік базаға өзгертулер енгізуді тапсырды.
Ұқсас жаңалықтар
Тифло жобасы – зағип жандар үшін шексіз мүмкіндік
- Бүгін, 05:06
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




