ДДҰ «иммундық паспортты» қолдамайды
Кейбір елдер вирусты жұқтырып жазылғандарға саяхаттауға рұқсат беретін «иммундық паспорт» беруді ұсынды. «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы «иммундық паспортты» енгізуді қолдамады, өйткені COVID-19 коронавирустық инфекцияға антиденелердің болуы адамның қайта вирус жұқтырмайтынына кепіл бола алмайды» делінген ДДҰ сайтында жарияланған мәлімдемеде.
«Дәл қазір COVID-19 жұқтырған және антиденелері бар адамдардың қайта жұқтырудан қорғалатындығы туралы ешқандай дәлел жоқ» делінген хабарламада.
Көптеген зерттеулерге сәйкес, инфекциядан айығып шыққан адамдар жаңа вирусқа антиденелер алады. SARS-CoV-2 вирусына антиденелердің бар болуы COVID-19 иммунитетін қалыптастыра алатынын дәлелдей алмады.
COVID-19 антиденелердің дәлдігі мен сенімділігін анықтау үшін қосымша тексеру қажет. «Антиденелерді дамыту арқылы иммунитеттің тиімділігі туралы жеткілікті дәлелдер жоқ. Антидене табылған адамдар бізде иммуитет бар деп қоғамдық денсаулық сақтау ережелерін елемеуі мүмкін. Біз дәл қазір мұндай құжатты заңдастырсақ, вирустың одан әрі таралу қаупін арттырып алуымыз мүмкін» деп атап көрсетті ДДҰ.
Ұқсас жаңалықтар
Тифло жобасы – зағип жандар үшін шексіз мүмкіндік
- Бүгін, 05:06
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




