Әлеумет
Коронавирус инфекцияcы инсульт пен эпилепсия тудыруы мүмкін
- author «Ақ жол»
- 23 сәуір, 2020
- 393
Коронавирус инфекцияcы инсульт пен эпилепсия тудыруы мүмкін
Вирус ағзаның өз жүйке жасушаларына кері шабуылдайтын процесін іске қосады
Неміс ғалымы, Нюрнберг клиникасындағы неврологиялық орталықтың меңгерушісі Франк Эрбгут COVID-19 вирсусының салдарынан туындайтын неврологиялық аурулар туралы мәлімдеді. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлайды.
Профессордың айтуынша, ауыр халде жатқан науқастарда аурудың асқыну белгілері ретінде инсульт, ми қабығының қабынуы, бас айналуы және тіпті эпилепсия пайда болуы мүмкін. Вирус ағзаның өз жүйке жасушаларына кері шабуылдайтын өздігінен жойғыш аутоиммундық процесін іске қосады.
«Франк Эрбгут неврологиялық асқынулар Қытайдың Ухань қаласындағы емделушілердің 36,4%-ында байқалғанын атап өтті. Дегенмен, профессор мұндай асқыну белгілері көпшілікте байқалмайтынын айтып, сендірді. Бұл белгілерді вирустың симптомы деп санамай, ерекше жағдай деп қараған жөн», - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Тифло жобасы – зағип жандар үшін шексіз мүмкіндік
- Бүгін, 05:06
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




