Әлеумет
Жамбыл облысында 6 адам коронавирусты жаназаға барғанда жұқтырған
- author «Ақ жол»
- 23 сәуір, 2020
- 356
Жамбыл облысында 6 адам коронавирусты жаназаға барғанда жұқтырған
Облыста тағы жеті адам қауіпті инфекциядан емделіп шықты
22 сәуір күні Жамбыл облысында коронавирустық инфекциядан тағы жеті адам емделіп шықты.
Аурудан айыққандардың бірі – 1992 жылы туған Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны. Ол 19 наурыз күні Тараз қаласына келіп, 5 сәуірде кеуде тұсының ауыруына, мұрынның бітелуіне және көздің қызаруына қатысты шағыммен карантиндік стационарға жатқызылған. Одан COVID-19-ға алынған талдаулар сырқат екенін көрсеткен.
«Қалған алты ем алушының барлығы 19 бен 62 жас аралығындағы тұрғындар. Үшеуі - ер, үшеуі әйел адам. Олар коронавирустық инфекцияны Қордай ауданында жерлеу рәсімі кезінде жұқтырған. Барлығы осы ауданның тұрғындары. Бір науқас әйелден жұқтырып, 6 сәуірде ауруханаға жатқызылған», - делінген хабарламада.Дерттен айыққан жеті тұрғын да екі апта бойы инфекциялық стационарда болып, емдеу шараларын ойдағыдай өткізген. Алгоритмге сәйкес, олардан КВИ-ға алынған екі реттік зертханалық талдаулар теріс нәтиже көрсеткен. Алдағы екі апта бойы енді олар үй карантинінде дәрігерлердің бақылауында болады. Бүгінгі таңда инфекциялық стационарда 41 науқас ем алуда. Жағдайлары тұрақты. Жалпы аймақта коронавирустан 31 адам емделді.
Ұқсас жаңалықтар
Тифло жобасы – зағип жандар үшін шексіз мүмкіндік
- Бүгін, 05:06
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




