Алматы мен Канада елі өзара экономикалық ынтымақтастықты дамытуға мүдделі
- author «Ақ жол»
- 8 қыркүйек, 2014
- 240
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов Канада Парламентінің депутаттарынан құралған делегацияны қабылдады. Делегацияны Қазақстан мен Канаданың Парламенттік «Достық тобының» тең төрағасы, Қауымдар Палатасының табиғи ресурстар бойынша Комитетінің төрағасы Леон Бенуа бастап келді. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
«Қала басшысы өз сөзінде Қазақстан мен Канада арасында тығыз экономикалық қарым-қатынас орнағандығын атап өтті. Бүгінгі таңда Алматыда 35 бірлескен Қазақстан-Канадалық кәсіпорын және жарғылық капиталында Канаданың үлесі бар 50 компания жұмыс істейді», - делінген хабарламада.
«Біз инновациялық технологиялар паркін дамытып жатырмыз. Ол еркін экономикалық аймақ ретінде жұмыс істейді. Сонымен қатар, Индустриалдық аймақты ашуды да қолға алдық. Онда кәсіпорындарға байқау арқылы өндірісті дамыту мүмкіндіктері беріледі. Егер канадалық кәсіпорындар қызығушылық танытатын болса, онда осы жобаларға қатысуларына әбден болады», - деді өз сөзінде А. Есімов.
Өз кезегінде делегация өкілдері бірлескен жобаларға қызығушылық танытандықтарын жеткізді. Сонымен қатар, екі тарап туризм, білім, ғылым, экономика және технологияларды дамыту салаларында өзара ынтымақтастықты одан әрі кеңейту жөнінде ортақ келісімге келді.
Ақпарат көзі http://kazinform.kz/
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбыл облысында 49 инвестициялық жоба жүзеге асырылды
- 13 қаңтар, 2025
Білім беру ошағы пайдалануға берілді
- 31 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді