Қазақстанда көліктер бензиннен газға тек 2017 жылы ғана толықтай ауыстырылуы мүмкін - сарапшы
- author «Ақ жол»
- 8 қыркүйек, 2014
- 226
Қазақстанда көліктер бензиннен газға тек 2017 жылы толықтай ауыстырылуы мүмкін. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне мұнай өндіру саласының маманы, тәуелсіз сарапшы Сергей Смирнов өз ойын білдірді. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда бензиннің тапшылығына байланысты автокөліктерді газға ауыстыруы мүмкін екені айтылған болатын.
"Алдағы 3 жылда еліміздегі көліктерді толықтай газбен жүретіндей етіп ауыстыру мүмкін емес. Қазақстанда барлығы 4 миллиондай көлік бар, олардың 12 мыңы ғана газбен жүреді. тіпті сол 4 миллионның тең жартысын, екі миллионын газбен жүретіндей етіп ауыстырғанның өзінде оған газ жетпейді. Тура қазіргі бензин тапшылығы секілді газ тапшылығына ұрынамыз. Бізде тіпті табиғи газдың өзі аз", - дейді сарапшы.
Сондай-ақ, Қазақстандағы тәуелсіз автокөлік одағының басшысы Эдуард Эдоковтың айтуынша, көліктерді бензиннен газбен жүретіндей етіп ауыстыруға қыруар шығын кетеді. Көліктерді газға арналған арнайы құрылғылармен жабдықтауға көліктердің түріне орай орта есеппен 180 мың теңге жұмсалады. Бұл баға бұдан да жоғары болуы мүмкін, тіпті газға арналған құрылғы 200-300 мың болуы да ғажап емес.
Көліктер газбен жүруі үшін арнайы құрылғылармен жабдықтайтын кәсіби мамандар керек. Автокөліктерді өндірушілердің рұқсатынсыз кейбір көліктерді бензиннен газға ауыстыруға болмайды. Яғни, өндірушілер құраған көліктің құрылымы өзгертуге келмейді де.
Toyota корпорациясы немесе Merсedes Benz концерні ресми диллерлерге өздері өндірген көліктердің құрылымын өзгертуге, яғни көлікке газбен жүретіндей құрылғы орнатуға рұқсат берсе және мұны біздің еліміздегі кейбір органдар мақұлдаса әңгіме басқа, Егер өндірушілер рұқсат бермеген жағдайда бұл өте қауіпті. Егер газбен жүретін көліктерді өндіру соншалықты оңай болса өндірушілер осы уақытқа дейін қозғалтқышы газға арналған көліктерді әлдеқашан көп қылып шығарған болар еді. Өйткені газбен жүретін көліктер соңғы 30-40 жылдан бері бар. Меніңше, газбен жүретін көліктерді жасау оңай шаруа емес, өте қауіпті, – дейді Эдоков.
Инвестицияның пайдалылығы жөніндегі сараптама агенттігіндегілер де елімізде көліктерді бензиннен жаппай газға ауыстырудың мүмкін еместігін айтып отыр. Сарапшылардың пікірінше, жақын болашақта таксопарктердегі көліктер мен қоғамдық көліктер газбен жүретіндей етіп жасалып, кейбір жеке тұлғалар да қаржысын үнемдеу үшін газбен жүретін көлікке ауысуы мүмкін. Алайда барлық жүргізушілердің көліктерін газбен жүретіндей етіп ауыстыру әзірге мүмкін емес.
Қазақстандық эколог Мэлс Елеусізов көліктердің газбен жүруі экологияға өте көп пайдасын тигізеді деп отыр. Өйткені газ әлдеқайда экологиялық жағынан тазарақ. Оның ойынша көліктерді газбен жүретіндей етіп жабдықтау қажет. Барлық шығынды алдын ала есептеп алған жөн дейді ол.
Ақпарат көзі tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Атқарылған іс – арқалаған сенімді ақтайды
- Бүгін, 15:22
Облыс әкімі азаматтарды қабылдады
- Бүгін, 14:00
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді