Кеше шахматшылар арасында «Magnus Carlsen Invitational» деп аталатын интернет-турнир басталды.
Жарыстың атауынан байқағаныңыздай, айтулы жарыс 29 жастағы Норвегияның атақты шахматшысы Магнус Карлсеннің құрметіне өтуде. 13 жастан асқан шағында гроссмейстер дәрежесіне жеткен Скандинавия түбегінің түлегі одан кейін де талай белестерді бағындырды. 2013 жылы ол ресейлік Владимир Крамниктен айласын асырып, әлем чемпионы атанды. Сол кезден бері ол бұл атақты ешкімге берген жоқ.
Алғашқы кездесуде Магнус Карлсен америкалық Хикару Накамурамен тең ойнап, армагеддонда шведтің бағы жанды. Есеп- 3:2. Келесі бәсекеде қытайлық Дин Лижэн ирандық Әлиреза Фируджадан айласын асырды. Бұл матчта 2,5:1,5 есебі тіркелді.
Бүгін америкалық Фабиано Каруана ресейлік Ян Непомнящиймен, ал франциялық Максим Вашье-Лаграв нидерландтық Аниш Гиримен шеберлік байқасады.
Бірінші турдың нәтижесі бойынша Дин Лижэн үш ұпаймен көш бастап тұр. Карлсенде – 2 және Накамурада – 1 ұпайдан бар. Ал Фируджаның қоржыны бос.
Естеріңізге сала кетейік, жүлде қоры 250 мың АҚШ долларын құраған бұл турнир 3 мамырға дейін созылады. Бас жүлдені олжалаған ойыншы 70 мың долларды қалатасына басады.
Ұқсас жаңалықтар
Тифло жобасы – зағип жандар үшін шексіз мүмкіндік
- Бүгін, 05:06
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




