Әлеумет
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Пасха мерекесімен құттықтауы
- author «Ақ жол»
- 19 сәуір, 2020
- 569
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Пасха мерекесімен құттықтауы
Құрметті отандастар!
Еліміздің православ қауымын қасиетті Пасха мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Мейірімділік пен жанашырлыққа үндейтін бұл мейрам қастерлі құндылықтарды дәріптейді. Христиан дінінің игіліктері адамға ізгілік пен қайырымдылық дарытады. Пасха мейрамы рухани бірлікті, шынайы бауырластықты нығайтуға жол ашады. Бүкіл әлем қауіпті індетпен күресіп жатқан қазіргідей кезеңде барлық дін өкілдері үшін рухтың беріктігі мен өзара ынтымақтастықтың маңызы зор. Халқымыз береке-бірліктің, парасат пен төзімнің арқасында кез-келген қиындықты абыроймен еңсереді деп сенемін. Барша православ христиандарына және отандастарымызға мықты денсаулық, мол бақыт, толағай табыс тілеймін!akorda.kz
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




