Қайырымдылық – адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің кісілігі оның ізгі амалдары арқылы көрініс табады. Талас ауданындағы Үшарал ауылында осындай қайырымы мол, жүрегінде иманы бар азаматтар бар. Ауданнан шыққан Еңбек Ері Ә. Сағынтаевтың ұрпақтарын және Асанқұловтарды солардың қатарына жатқызуға болады.
Сағынтаевтар әулеті әлеуметтік қолдауды қажет ететін 13 отбасына көмек қолын созып, мектепке баратын 13 балаға киім-кешек, оқу құрал-жабдықтарын әперді. Ал Асанқұловтар ауылдағы 120 отбасына бір-бір қап, 5 шаңыраққа екі қап ұн таратып, 10 отбасына 20 мың теңгеден ақшалай жәрдем берді. Ауыл ақсақалы О. Айтуов «мұндай іс тек иманды жандардың қолынан ғана келеді» дейді. Әлеуметтік қолдауға мұқтаж жанға қарайласып, қол ұшын созу – әрбір азаматтың парызы. Осы тұрғыдан алғанда үшаралдықтардың үлгілі ісі басқаларға да ой салса игі.
Сәулембай Әбсадықұлы, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




