Футбол маусымын аяқтаудың жаңа форматы ұсынылды
Қазіргі кезде УЕФА мен Еуропа клубтары қауымдастығы биылғы футбол маусымын қалай да аяқтау жағын жан-жақты қарастырып, осы мәселені талқыға салуда.
Cadena SER тілшілерінің мәліметі бойынша барлық мемлекеттердің ұлттық чемпионаттары тамыз айына дейін өз мәресіне жетуге тиіс. Бұл матчтар көрерменсіз өтеді. Одан кейін Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының бәсекелері жалғасады. Оның форматы едәуір өзгеріске ұшырайды. Нақтылап айтсақ, ширек финалдық және жартылай финалық сайыстар бір ғана кездесуден тұрады. Бұл ойындар бейтарап алаңда өтеді. Ондағы мақсат – айтулы доп додасын небары екі апта аралығында аяқтау. Ал жаңа футбол маусымы қыркүйек айында басталады.
Естеріңізге сала кетейік, коронавируске байланысты Еуропа елдеріндегі барлық біріншіліктер тоқтатылды. Қазіргі кезде Беларусь чемпионаты ғана жалғасуда.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




