Токио төріндегі бәсеке келер жылы да өтпеуі мүмкін бе?
Әлемдегі ахуалға байланысты биыл жазда өтуге тиіс төртжылдықтың басты бәсекесі 2021 жылға шегерілгені белгілі. Дегенмен, әлемдік спорт сарапшылары Токио төрінде алауы тұтанатын Олимпия ойындары келер жылы да өтпей қалуы мүмкін деген болжам айтып отыр. Күні кеше Токио Олимпиадасын ұйымдастыру комитетінің директоры Тосиро Муто да бұл болжамды қуаттап, пікір білдірді.
«2021 жылдың шілде айына дейін бүкіл әлем пандемияны бақылауда ұстай алады деп ешкім сеніммен айта алмайды. Сондықтан біз де сіздерге нақты жауап бере алмаймыз. Жуырда Олимпиада ойындарын бір жыл кейінге шегеруге шешім қабылдаған болатынбыз. Сол үшін де 2021 жылғы Олимпиаданы ұйымдастыруға бар күшімізді салып жатырмыз. Біз келесі жылы адамзат коронавирус кризисін жеңетініне сенгіміз келеді. Балама жоспарлар туралы ойлаудың қажеті жоқ деп есептеймін. Бар күшімізді дайындыққа және қазіргі мәселелерді шешуге жұмсауымыз қажет. Адамзат бұл індетті жеңу үшін бар білімін пайдалануы керек», – дейді Тосиро Муто.
Маманның пікірі нақты кесім емес. Болжам ғана. Қалай болғанда да бұл пікірлер байрақты бәсекеде бақ сынайтын спортшылар үшін психологиялық соққы болып отыр.
Ұқсас жаңалықтар
Қоршаған ортаны қорғауға қоғам белсенділігі қажет
- 19 қыркүйек, 2024
Болашағын әскери саламен байланыстырған сарбаздар
- 19 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді