Таразда тағы бір подъезд карантинге жабылды
Таразда "Аса" шағын ауданындағы көппәтерлі тұрғын үйдің кіреберісі карантинге жабылды. Онда кеше 1975 жылы туған тұрғыннан коронавирус инфекциясы анықталған болатын. Қазір әйел инфекциялық стационарға жатқызылып, қажетті ем-дом шараларын алуда.
Эпидемиологиялық тексеру барысында науқастың Нұр-Сұлтан қаласынан келген жақын туысымен байланыста болғаны анықталды. Онымен жақын қарым-қатынаста болған үш адам карантинге орналастырылды.
Подъезде және тұрғылықты жері бойынша дезинфекциялық өңдеулер жүргізілді. Аталған подъездің пәтерлерінде тұратын 31 тұрғын 14 күнге оқшауланды. Оларға өз пәтерінен шығуға тыйым салынды. Сондай-ақ, ондағы жұмыс істейтін үш тұрғынға уақытша еңбекке жарамсыздығы туралы анықтама берілді. Олармен өзін-өзі оқшаулаудың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Подъезд маңында полиция қызметкерлері кезекшілік етуде.
Тараз қаласының әкімдігі аталған үйдің карантиндегі тұрғындарын қажетті азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуде.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




