Әлеумет
Жамбыл облысының екі тұрғыны коронавирустан сауығып шықты
- author «Ақ жол»
- 12 сәуір, 2020
- 487
Жамбыл облысының екі тұрғыны коронавирустан сауығып шықты
11 сәуір күні Жамбыл облысының тағы екі тұрғыны коронавирустық инфекциядан емделіп, үйлеріне шығарылды. Екеуі де - Қордай ауданының тұрғындары.
1974 жылы туған бірінші науқас ағымдағы жылдың 27 наурызында ауруханаға жатқызылған болатын. Содан бір күн бұрын ол отбасымен бірге өңірімізге Қырғыз Республикасынан келген.
Келісілген іс-әрекеттердің арқасында белгіленген алгоритмге сәйкес шекараны кесіп өткен сәттен бастап бұл отбасының барлық бес мүшесі карантиндік стационарға оқшауланған.
Зертханалық талдаулар бір адамда ғана вирустың бар екені анықталып, басқа отбасы мүшелерінде теріс нәтиже көрсеткен.
1996 жылы туған екінші науқас та сол сияқты 27 наурыз күні Қырғыз Республикасынан келген соң ауруханаға жатқызылған.
Екі апта ішінде олар инфекциялық стационарда жатып, қажетті емдік шараларын алған. Олардың қазіргі жағдайлары қанағаттанарлық деңгейде. Екі рет алынған қорытынды талдаулар емделушілерде инфекцияның жоқтығын растады.
Сондай-ақ, алдағы екі апта бойы олар үй карантинінде медициналық қызметкерлердің бақылауында болады.
Бүгінгі таңда инфекциялық стационарда 40 науқас ем алуда. Олардың жағдайлары қанағаттанарлық.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




