«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Қашықтан оқытудың алғашқы аптасы қорытындыланды

Қашықтан оқытудың алғашқы аптасы қорытындыланды
ашық дереккөз
Қашықтан оқытудың алғашқы аптасы қорытындыланды

Оқудың алғашқы күні kundelik.kz сайтына 2,2 млн адам кірген

Қазақстанда қашықтан оқытудың алғашқы аптасы аяқталды. Осыған орай Kundelik.kz есеп берді.

Оқудың алғашқы күні kundelik.kz сайтына 2,2 миллионнан астам адам кірген, олардың сайтқа кіруі 3,17 млн болса, беттер мен ішкі бөлімдерді 48,7 млн адам қараған.

«Таңғы сағат 9:30-да сайтта бір мезгілде 60 мың бірегей пайдаланушы отырды. Мұндай жүктеме  интернет желісі нашар ұстайтын алыс ауылдардағы пайдаланушыларға қиындық туғызды. 6 сәуірде сайтты пайдаланушылардың шамамен 20%-ы осындай проблемамен бетпе-бет келген. Бірақ жүйенің жұмысы тоқтаған жоқ. Ал 6, 7 және 8 сәуір күндері компанияның техникалық мамандары түнгі уақытта серверлер мен деректерді сақтау жүйелерін кеңейтіп, бағдарламалық жасақтау жұмысын жақсартып отырды», - делінген хабарламада.

Сондықтан жүйеге 5 мегабайтқа дейінгі файлдарды ғана жүктеу сияқты шектеу енгізуге тура келіпті.

«Біздің қолдау көрсету қызметіне пайдаланушылар жіберген өтініштердің техникалық мониторингі мен статистика күш-жігеріміздің текке кетпегенін көрсетіп отыр. Сонымен қатар, Қазақстандағы кез келген интернет ресурс сияқты kundelik.kz порталының да жұмысы құрылғыларға, яғни смартфондар, компьютерлер және планшеттер арқылы кіретін  пайдаланушылардың интернет жылдамдығына тікелей байланысты екенін атап өткен жөн», - делінген хабарламада.

Айта кету керек, «Күнделік» электрондық журналдар мен күнделіктер жүйесі 2,9 миллионнан астам оқушыға, 2,2 миллион ата-анаға  және 340 мың мұғалімге қызмет көрсетеді.

azattyq-ruhy.kz

Ұқсас жаңалықтар