Әлеумет
UFC Хабибтің орнына Фергюсонмен жекпе-жек өткізетін файтерді хабарлады
- author «Ақ жол»
- 7 сәуір, 2020
- 588
UFC Хабибтің орнына Фергюсонмен жекпе-жек өткізетін файтерді хабарлады
UFC ұйымы ресейлік Хабиб Нурмагомедовтің орнына америкалық Тони Фергюсонмен жекпе-жек өткізетін файтердің есімін ресми жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Нурмагомедов пен Фергюсон жекпе-жегі UFC 249 турнирінің басты оқиғасы болуы керек еді, кездесу 18 сәуірде Бруклинде өтеді деп жоспарланған. Алайда 1 сәуірде ресейлік файтер коронавирусқа байланысты карантинде қалатынын айтқан, сондықтан Фергюсонға қарсы жекпе-жек өтпей қалды. Кейін Нурмагомедов Ресейден ұшып кете алса, жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеген.
UFC басшысы Дана Уайт жексенбіде Хабибтің турнирге қатыспайтынын хабарлаған.
Енді UFC-дің Instagram желісіндегі ресми парақшасында Фергюсонның қарсыласы ретінде 31 жастағы америкалық Джастин Гэтжи таныстырылды.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




