Әлеумет
Таразда Үндістаннан келген 91 қазақстандық карантинге жатқызылды
- author «Ақ жол»
- 4 сәуір, 2020
- 474
Таразда Үндістаннан келген 91 қазақстандық карантинге жатқызылды
Екі жолаушы ұшақтан дене қызуымен түскен
Жұма күні сағат 22.30-да Әулие -Ата халықаралық әуежайына Дели-Тараз бағытындағы ұшақ келіп қонды. Оның бортында 106 адам, оның ішінде 91 Қазақстан азаматы және 15 Қырғызстан азаматы болды
Әкімдіктің мәліметінше, барлық жұмылдырылатын қызметтерге алдын ала ескертіліп, жолаушыларды қабылдауға дайындалды. Қауіпсіздік мақсатында арнайы киім киген медицина қызметкерлері әр жолаушыны мұқият тексеріп шықты.
«Тікелей ұшу жолағынан келгендердің барлығы автобустарға отырғызылды. Медициналық және полиция қызметкерлерінің еріп жүруімен олар карантиндік стационарға жеткізіліп, жатқызылды. Дене қызуларының көтерілуіне байланысты ҚР екі азаматы провизорлық стационарға орналастырылды. Барлық жолаушылардан талдаулар алынып, зертханалық зерттеуге жіберілді. Теріс нәтиже болған жағдайда олар тұрғылықты жері бойынша 14 күндік үй карантиніне алынады»,-делінген хабарламада.Сондай-ақ, жолаушылардың барлық жеке заттары, автобустар мен жедел жәрдем көлігі өңдеуден өткен. Ал, Қырғызстан Республикасының азаматтары арнайы автокөлікпен өз Отанына жөнелтілді
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




