2020 жылдың 31 наурызынан бастап Жамбыл облысы аумағында енгізілген шектеу шараларына қоғам, кәсіпкерлер мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің ұсынысы бойынша енгізілген толықтырулар мен өзгертулер: 1) Облыс пен Тараз қаласының аумағына (аумағынан) төмендегі жағдайлардан бөлек көліктер мен жолаушылардың кіруіне және шығуына тыйым салынады:
– транзиттік көлік құралдары;
– емделуге жіберілген адамдар (қолында медицина ұйымдарының анықтамасы немесе жекеменшік емхананың шақыруы болған жағдайда);
– облыс пен Тараз қаласында тұрақты жұмыс істейтін, қолында жеке куәлігі, жұмыс беруші немесе жергілікті атқарушы орган тарапынан берілген тиісті құжаттары (жұмыс орнынан 2020 жылдың 30 наурызынан кейін берілген анықтама) бар адамдар;
– Жамбыл облысында уақытша немесе тұрақты тіркеуде тұрған, бұған дейін одан тыс жерлерге шыққан және тұрғылықты жеріне кері қайтып келе жатқан азаматтар;
- бірінші қажеттілік тауарларын (Тамақ өнімдері, дәрілік заттар және медициналық бұйымдар, шикізат, жабдықтар және басқа да тауарлық-материалдық құндылықтар (құрылыс материалдары, тұқымдар, тыңайтқыштар, гербицидтер, техника мен жабдықтарға арналған қосалқы бөлшектер) құрылыс ұйымдарының, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының мұқтаждықтары үшін тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасы;
– құрылысқа және жөндеу жұмыстарына (арық, су қоймаларының құрылысы) қажетті арнайы техникалар жұмыс беруші немесе жергілікті атқарушы орган тарапынан берілген тиісті құжаттары (жұмыс орнынан 2020 жылдың 30 наурызынан кейін берілген анықтама) бар жағдайда;
- жұмыс беруші немесе жергілікті атқарушы орган берген растайтын құжаттары (жұмыс орнынан 2020 жылдың 30 наурызынан кейін берілген анықтама) болған жағдайда суару жүйелерін (каналдар, су қоймалары және басқалар) салу, қалпына келтіру және жөндеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған арнайы техникалар;
- жедел-құтқару және коммуналдық қызметтердің, медициналық ұйымдардың, барлық меншік нысанындағы медициналық зертханалардың, құқық тәртібі және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы органдарының, облыстың, қаланың және ауданның жергілікті атқарушы органдары айқындаған мемлекеттік және өзге де органдардың автокөлік құралдары;
- Жергілікті атқарушы органдар берген рұқсаты бар автокөліктер мен тұлғалар (рұқсат беру және оның мақсатты пайдаланылуын бақылау үшін жауапкершілік рұқсат берген жергілікті атқарушы органға жүктеледі).
- Қаржы ұйымдарын (банктер, микрокредиттік ұйымдар, ломбардтар) қоспағанда, халыққа қызмет көрсету жөніндегі барлық нысандардың қызметі тоқтатыла тұрады. Оның ішінде:
- Бөлшек сауда базарлары санитарлық-дезинфекциялық режимді міндетті түрде сақтай отырып, сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істейтін болады (күніне екі рет дезинфекциялық іс-шаралар өткізу, антисептикалық санитайзерлер орнату);
- Көтерме азық-түлік қоймалары мен базарлар, супермаркеттер, азық-түлік сауда орындары, үй жанындағы дүкендер мен дәріханалар қалыпты режимде жұмысын жалғастырады;
- Қоғамдық тамақтану объектілеріне (кафелер, мейрамханалар, барлар, асханалар, тандыр және таба нан цехтары, тез арада тамақ дайындау объектілері және басқалар) тапсырыстарды шығару және жеткізу қызметін қоспағанда, жұмысты тоқтата тұру және азаматтардың осындай нысандардың үй-жайларына бармай-ақ, әдеттегі режимде тапсырыстарды шығару және жеткізу.
- Жамбыл облысының тұрғындарына азық-түлік, бірінші қажеттілік заттарын, дәрі-дәрмек және медициналық бұйымдарды сатып алу, медициналық көмекке жүгіну, сондай-ақ күтпеген ТЖ және адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін басқа да жағдайларды қоспағанда, аса қажетсіз болмаған жағдайда тұрғын үйден шығуды шектеу ұсынылады.;
- Темір жол бекеті мен әуежайдың жұмысына төмендегідей шектеулер енгізіледі: