Әлеумет
Ғалымдар коронавирустың адам ағзасында неше күн сақталатынын анықтады
- author «Ақ жол»
- 29 наурыз, 2020
- 388
Ғалымдар коронавирустың адам ағзасында неше күн сақталатынын анықтады
Қытай ғалымдары коронавирустың адам ағзасында қашанға дейін сақталатынын анықтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі MedicalXpress басылымына сілтеме жасап.
Зерттеу 28 қаңтар мен 9 ақпан аралығында Бейжің қаласындағы медициналық орталықта жүргізіліпті. Ғалымдар 16 науқастың мәліметіне талдау жасаған. Нәтижесінде қауіпті індетті жұқтығандардың ағзасында COVID-19 вирусы 1-8 күн сақталған.
"Аурудың белгілері жоғалғанымен науқастардың жартысының ағзасы вирусты бөлген. Бұл зерттеу жұмысының айтарлықтай нәтижелі болғанын көрсетеді", - дейді зерттеуге қатысқан дәрігер Локеш Шарма.Сондықтан ғалымдар індеттен жазылған науқастарды 1-2 аптаға карантинге жатқызып, бақылауда ұстауға кеңес берді. Сондай-ақ, зерттеу жұмысының қорытындысы иммун жүйесі әлсіз, егде жастағы науқастарға қатысы бар-жоғы белгісіз болып отыр. Дәрігерлердің болжамынша, олардың ағзасында вирус ұзақ сақталуы мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес, әлемде 570 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған, ал 26 мыңнан астам науқас аурудан көз жұмды. Қазақстанда қауіпті індетке шалдыққандар саны 251-ге жетті.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




