Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 97-ге жетті
Коронавирус індетін жұқтырған тағы 9 адам Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 55 адам, Алматы қаласында – 34 адам, Қарағанды қаласында - 2, Шымкент қаласында - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, жалпы 97 науқас тіркелді.
Айта кетейік, кеше, 25 наурыз күні елімізде алғашқы екі науқас айықты. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев бүгін олардың ауруханадан шығатынын жеткізген болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




