Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 88-ге жетті

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 88-ге жетті
ашық дереккөз
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 88-ге жетті
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 88-ге жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айта кетейік, 26 наурыз сағат 08:05-тегі жағдай бойынша, Коронавирус індетін жұқтырған тағы 5 адам тіркелді. Алматы қаласында 2 адам, Нұр-Сұлтан қаласында 3 адам. Сонымен қатар, 26 наурыздағы 08:25 сағаттағы жағдай бойынша, коронавирус індетін жұқтырған тағы 2 адам Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді. "Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 46 адам, Алматы қаласында – 34 адам, Қарағанды қаласында - 2, Шымкент қаласында - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам жалпы 88 науқас тіркелді", - делінген хабарламада.

Ұқсас жаңалықтар