Облыс орталығындағы аялдамаларда коронавирус жұқпалы ауруына қарсы залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстарды «Халықтың денсаулық орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өз мойнына алған.– Қала бойынша 640 аялдама бар. Ұжымымдағы төрт бригада екіге бөлініп, жұмыс істеуде. Өздеріңіз көріп отырғандарыңыздай, бір аялдаманы залалсыздандыруға небәрі 5-6 минут уақыт кетеді. «Диахлорлюкс» деп аталатын препарат оның басқа түрлеріне қарағанда тез ериді. Тазалаудағы тиімділігі де жоғары, – деді аталмыш серіктестіктің директоры, тәжірибелі эпидемиолог Бауыржан Жылқыбеков.
Дегенмен мұндай шараны атқару қаражатқа келіп тірелетіні белгілі. Алайда серіктестік басшысының сөзіне қарағанда, әзірге өздерінің қаржысын жұмсап, атқарып жатса керек. Аялдамалардағы жолаушыларға алдымен ескерту арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Препарат шашылған жерді басу және орындықтарға отыру арқылы жолаушылар көлігінің іші де дезинфекцияланады. Қаланың ішін бітірген соң әуежай, автовокзал және темір жол вокзалдарының маңындағы аялдамалар да қамтылмақ. Серіктестік директоры бір күнде екі мәртеден атқарылатын іс-шара әзірге бір айға жоспарланғанын айтты.
Тұрмаханбет Қазақбай
Тараз қаласы.
Суретті түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




