Президент медицина мамандарына алғыс білдірді
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев медицина мамандарына алғыс білдірді «Коронавирусты анықтау, науқастарды емдеу және вирустың одан әрі таралмауы үшін аянбай еңбек етіп жатқан дәрігерлерге алғыс айтамын. Үкімет осындай қызметкерлерге сыйақы беру шараларын қабылдайды», - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-де.
Бұған дейін Қ.Тоқаев төтенше жағдайға байланысты қашықтан жұмыс істеуге көшуді тапсырған болатын.
«ТЖ режимінде қоғамның тіршілігін қамтамасыз ететін, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті бақылайтын мекемелерден, жекелеген БАҚ-тан өзге мемлекеттік, квазимемсектор қызметшілерінің 70%-ын қашықтан жұмыс істеуге көшірген жөн. Жеке кәсіпорындарға да осындай шараны қолдану ұсынылады», - деді Президент. Еске салайық, коронавирус инфекциясының таралуына байланысты Қазақстанда 16 наурыз бен 15 сәуір аралығында төтенше жағдай енгізілді. Ал 19 наурыздан бастап инфекция тіркелген екі қалада - Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин режимі енгізіледі. 17 наурыз, сағат 19.00-дегі жағдай бойынша, Алматы қаласында инфекцияға шалдыққан – 15, Нұр-Сұлтан қаласында - 18 адам, жалпы 33 науқас тіркелді. Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




