Әлеумет
Жеке кәсіпкерлердің несие бойынша төлемдері кейінге шегеріледі
- author «Ақ жол»
- 17 наурыз, 2020
- 160
Жеке кәсіпкерлердің несие бойынша төлемдері кейінге шегеріледі
Жеке кәсіпкерлерге Қазақстанда Төтенше жағдай режиміне байланысты 90 күнге несие бойынша төлемдері кейінге қалдырылды. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әбілқасымова екінші деңгейлі банктермен және несиелік нарық субъектілерімен, сондай-ақ Қазақстан қаржыгерлерінің Қауымдастығымен бірлескен шаралары туралы айтты."2020 жылдың 16 наурызы мен 15 сәуірі аралығында Қазақстанның барлық аумағында төтенше жағдайдың енгізілуіне және экономиканың белгілі бір салаларына қатысты шектеу шараларын қолдануға байланысты халықтың және шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің қаржылық жағдайының нашарлауына жол бермеу бойынша қосымша шаралар қажет", - деді Мәдина Әбілқасымова Үкімет отырысында.
"Біріншіден, Азаматтық кодекстің 359-бабына сәйкес кредит бойынша міндеттемені орындамаған қарыз алушы еңсерілмейтін күш жағдайлары , яғни дүлей құбылыстар, әскери әрекеттер сияқты төтенше және еңсерілмейтін мән-жайлар болған кезде мүліктік жауапкершілікте болмайды. Мұндай жағдайларға төтенше жағдай режимін енгізу жатады.Осыған байланысты қарыздар мен микрокредиттер бойынша төтенше жағдай енгізілгендіктен жеке және заңды тұлғалардың қарыздары мен микрокредиттері бойынша төлемдерді кешіктірген кезде айыппұлдар мен өсімақылар (тұрақсыздық айыбы) есептелмеуі тиіс. Бұл норма жеке және заңды тұлғаларға банктер ғана емес, сонымен қатар, ломбардтар мен кредиттік серіктестіктерді қоса алғанда, барлық әлемдік қаржы ұйымдары, сондай-ақ қарыз беретін өзге де кредиторлар берген қарыздарға қолданылады ", - деді Мәдина Әбілқасымова. Сонымен қатар, ол несие берушілер қарыз алушы үшін жақсартылған жағдайда қарыз шартының талаптарын біржақты тәртіппен өзгертуге құқылы екенін айтты.
"Осыған байланысты банктер мен микроқаржы ұйымдары төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты қаржылық жағдайы нашарлаған жеке кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнес субъектілеріне 90 күнге дейінгі мерзімге негізгі қарыз бен сыйақыны қоса алғанда, төлемдерді кейінге қалдыру бойынша жұмыстарды жүргізу қажет", - деді Әбілқасымова.Әбілқасымованың айтуынша, банктер мен кредиттік нарықтың басқа да субъектілері аталған шараларды іске асыру үшін қарыз алушылармен өзара іс-қимыл жасау тәртібі мен тетіктері анықталады.
Ұқсас жаңалықтар
Қоршаған ортаны қорғауға қоғам белсенділігі қажет
- 19 қыркүйек, 2024
Болашағын әскери саламен байланыстырған сарбаздар
- 19 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді