Әлеумет
Теннистен Қазақстан құрамасының капитаны карантинге жатқызылды
- author «Ақ жол»
- 15 наурыз, 2020
- 481
Теннистен Қазақстан құрамасының капитаны карантинге жатқызылды
Әйелдер арасында теннистен Қазақстан құрамасының капитаны Ярослава Шведова коронавирусқа байланысты карантинге жатқызылды. Бұл туралы спортшы Instagram желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Шведова Мәскеуден Нұр-Сұлтанға ұшып келген рейсте вирус жұқтырған жолаушы болған. "Бәріне карантиннен сәлем! Қазақстанның көптеген тұрғыны 12 наурызда Мәскеуден Нұр-Сұлтанға рейс туралы, осы рейсте Миланнан коронавируспен ұшқан бір жолаушы болғанын естіген шығар. Мен де сол рейсте болдым - "Индиан-Уэллс" болмай қалғаннан кейін Калифорниядан отбасыма ұшып келгенмін. Көп ұзамай осы рейстегі барлық жолаушы сияқты мені де стационарлық карантинге жатқызды", - деп жазды Шведова. Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 8-ге жеткен. Оның алтауы - Алматыда, екеуі - Нұр-Сұлтанда.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




