Әлеумет
Мобильдік топ коронавирусқа қарсы дайындығына мониторинг жүргізді.
- author «Ақ жол»
- 14 наурыз, 2020
- 480
Мобильдік топ коронавирусқа қарсы дайындығына мониторинг жүргізді.
[gallery bgs_gallery_type="slider" ids="112990,112991,112992,112993,112994,112995,112996"]
Жамбыл облысы әкімнің тапсырмасымен құрылған мобильдік топтың іс-қимыл алгоритміне сай облыс әкімінің орынбасары Е.Жылқыбаев бастаған аталған топ мүшелері өңірдегі бірқатар нысандардың коронавирусқа қарсы дайындығына мониторинг жүргізді.
Мобильдік топтың мүшелері жаппай халық келетін орындар әуежай мен теміржол бекеттеріне, Халыққа қызмет көрсету орталығы мен ірі сауда орындарына арнайы барды. Олар мемлекеттік бас санитарлық дәрігер қаулысына сай көпшілік іс-шаралардың өткізілмеуін қадағалау, қоғамдық көліктер мен аялдамалардың, халық көп шоғырланатын жерлердің дезинфекциялануы, қол жуатын сусабын және т.б. жеке гигиеналық заттардың болуы, қоғамдық жерлерде ақпараттық анықтамалық материалдардың орналасуы секілді мәселелерді зерделеді. Анықталған кемшіліктерді қысқа мерзім ішінде реттеп, сақтық шараларын жүргізуді тапсырылды.
Айталық, аралау барысында халық көп шоғырланатын «Март» сауда кешеніндегі кинотеатр, коньки алаңы мен балалар ойын алаңының жұмысы уақытша тоқтатылды. Ал әлі күнге дейін жұмыс істеп тұрған «Астана парк» кинотеатрының әкімшілігіне жұмысын тоқтату туралы ескерту берілді. Сондай-ақ, кәсіпкерлік нысандары, атап айтқанда тойханалар мен мейрамханаларға түрлі жиындар мен басқосуларды өткізбеу ескертілді. Жолаушылар тасымалымен айналысатын мекемелер де қоғамдық көліктерді жиі дезинфекциялық тазалау жұмыстарын бастады.
Бүгінгі таңда Тараз қаласында 10 мекеме 670 бірлік автобуспен жолаушылар тасымалдаумен айналысады десек, оларға 2000 дана жаднамалар таратылып, жұмыскерлер арасында түсіндірме жүргізілді. Автосалондарға бюллетеньдер ілінді.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




