Әлеумет
"Карантин жарияланбайды". Біртанов Қазақстандағы шектеулерге қатысты пікір білдірді
- author «Ақ жол»
- 12 наурыз, 2020
- 479
"Карантин жарияланбайды". Біртанов Қазақстандағы шектеулерге қатысты пікір білдірді
Қазақстанда карантин жарияланбайды, тек коронавирус жұқтырудың алдын алу шаралары қабылданады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты
"Неге екенін білмеймін, жалпыұлттық карантин жарияланды деген пікір қалыптасып жатыр. Тек адам көп жиналатын шаралар өткізбеуге тыйым салынды. Бұл барлық қоғамдық жерді жабу деген сөз емес, керісінше, Мемлекет басшысы орта және шағын бизнеске жұмысын жалғастыруды тапсырды", - деді Біртанов. Министр секциялардың, фитнес-орталықтардың және басқа да ұйымдардың жұмысы жалғаса беретінін айтты. Ол жерлерге баруға тыйым жоқ дейді ол. Қазақстандағы адам көп жиналатын барлық шараға тыйым салынды "Тек адам көп шоғырланатын іс-шараларды өткізуге тыйым салынды. Қалған мәселелер бойынша санитарлық режим күшейтіліп жатыр", - деп түсіндірді министр.
Еске салайық, мұның алдында Қазақстан коронавирус жұқтырған елдерге баруға тыйым салған еді. Тоқаев коронавирус пандемиясына қатысты мәлімдеме жасады
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




