Әлеумет
Президент бірқатар мемлекеттік орган басшыларымен кеңес өткізді
- author «Ақ жол»
- 12 наурыз, 2020
- 340
Президент бірқатар мемлекеттік орган басшыларымен кеңес өткізді
Кеңес барысында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қасым-Жомарт Тоқаевқа Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты пандемия деп жариялағаннан кейінгі әлемдегі ахуал жайында баяндады. Сондай-ақ, министр ДДСҰ-ның індетке қарсы күреске қатысты ұсыныстары, сондай-ақ, Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімет берді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан Президенті Үкіметке және басқа мемлекеттік органдарға вирустың елімізге енуіне және таралуына жол бермеу шараларын қатаңдату жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді. Атап айтқанда, жаппай мәдени және спорттық шаралар, конференциялар мен көрмелер өткізуге уақытша тыйым салынады. Халық көп шоғырланатын жерлерде, сауда орталықтары мен базарларда, қоғамдық тамақтану орындарында, вокзалдар мен әуежайларда қатаң санитарлық режим енгізіледі. Мектептердегі көктемгі демалыс 2020 жылдың 16 наурызынан басталады. Жоғары оқу орындары қашықтан оқыту әдісіне көшіріледі. Халықаралық әуе тасымалына қатысты да қосымша шектеу шаралары қабылданады.
Қасым-Жомарт Тоқаев халықты азық-түлікпен және ең қажетті тауарлармен үздіксіз қамтамасыз ету мәселесін ерекше атап өтті. Президент шектеу шараларынан шағын және орта бизнестің зардап шекпеуі тиіс екенін айтты.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




