8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай облыс әкімі Бердібек Сапарбаев аруларды мерейлі мерекемен құттықтады. «Достық» үйінде өткен салтанатты жиынға бас-аяғы 70-ке жуық әйел қатысты.
Өңір басшысының ыстық ықыласына бөленгендер қатарында «Батыр» аналар, көп балалы аналар, әр салада жемісті еңбек етіп, өлкеміздің, еліміздің дамуына үлкен үлес қосқан арулар бар. Аяулы жандарға ақ тілегін арнаған Бердібек Мәшбекұлы: – Бүгінде жамбылдық нәзік жандылар барлық салада елеулі еңбек етіп келеді. Сіздердің іскерліктеріңіз бен жоғары жауапкершілік қасиеттеріңіз өндіріс пен әлеуметтік салада, басшылық және бизнесте де үлкен жетістіктерге жетуге мүмкіндік беруде. Қазақ қызы қашанда сұлулығымен, даналығымен ғана емес, ерлігі және қайсарлығымен дараланған. Осынау көктемнің жарқын мерекесімен құттықтай отырып, Сіздерге мықты денсаулық, жұмыстарыңызға табыс, отбасыларыңызға береке тілеймін, – деді. Мереке қарсаңында мерейлері үстем болған нәзік жандылар жиын соңында облыс басшысымен естелікке суретке түсіп, аз-кем сұхбат құрды.
Маржан Рақай
Суретті түсірген Ақәділ Рысмахан.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




