«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Коронавирус таралған елдерден келушілерге карантин. Қаулы күшіне енді

Коронавирус таралған елдерден келушілерге карантин. Қаулы күшіне енді
ашық дереккөз
Коронавирус таралған елдерден келушілерге карантин. Қаулы күшіне енді
  • Қазақстанның Бас санитариялық дәрігерінің "Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның профилактикасы шараларын одан әрі күшейту туралы" қаулысы 1 наурыздан бастап күшіне енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  Қаулыға сәйкес COVID-19 жағдайлары тіркелген елдер үш санатқа бөлінеді. Жіктемеге байланысты осы елдерден ҚР-ға келген адамдарға қатысты эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілетін болады.
    "Қытай Халық Республикасында коронавирустық инфекцияның жаңа типінің өршуінің жариялануына байланысты және инфекцияның әкелінуі мен таралуының алдын алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету мақсатында Сізден өз денсаулығыңызды сақтау мақсатында мынадай профилактика шараларын сақтауды сұраймыз: Дене қызуын күніне кемінде 2 рет өлшеу; Үй-жайды күніне кемінде 2 рет желдету; Күн сайын ылғалды жинауды жүргізу; Қолды сабынмен жиі жуу; Жеке ыдысты, жеке гигиена құралдарын (орамал, сабын, тіс пастасы, қырыну құралдары және т.б.) пайдалану; Дене қызуы бар адамдар қоғамдық орындарға бармауы және медициналық көмекке жүгінуі, сондай-ақ жіті респираторлық инфекция симптомдары бар адамдар жөтелу әдебін сақтауы тиіс (қашықтықты сақтаңыз, жөтелгенде және түшкіргенде ауызды бір рет қолданылатын орамалдармен немесе киіммен жабыңыз және қолды жуыңыз). Тұрғындарға арналған профилактика шаралары: Дене қызуын күніне кемінде 2 рет өлшеу; Профилактика шараларын сақтау: Үй-жайды күніне кемінде 2 рет желдету; Күн сайын ылғалды жинауды жүргізу; Қолды сабынмен жиі жуу; Жеке ыдысты, жеке гигиена құралдарын (орамал, сабын, тіс пастасы, қырыну құралдары және т.б.) пайдалану; Қызуы бар адамдар қоғамдық орындарға бармауы және медициналық көмекке уақтылы жүгінуі керек; 1406 телефоны арқылы күдікті жағдайлар және жеткіліксіз медициналық көмек туралы хабарлау. COVID-19 коронавирустық инфекция бойынша қолайсыз елдер", - делінген Қаулыда. Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Ұқсас жаңалықтар