
Кеңес үкіметі тұсында «Балық зауыты» атымен есте қалған, биыл ғана Жуалы ауданынан еншісін алып, Жамбыл ауданына қосылған Тоғызтарау ауылдық округіне қарасты Жаңаөткел ауылы шағындау елді мекен. Ауылда 79 аула, 256 тұрғын бар. Шағын ауыл болғанымен, мемлекет тарапынан жасалып жатқан қамқорлықты сезінбей, шет қалып жатқан жоқ. 1 қыркүйек – Білім күні Жаңаөткелде жаңа мектеп пайдалануға берілді. Аудан әкімдігінің тапсырысымен, жергілікті бюджет қаржысы есебінен 50 оқушыға арнап бой көтерген А. Матросов атындағы негізгі мектептің құрылысының мердігері – «Жамбылхимстрой Инженеринг» ЖШС. Шағындау болғанымен, еңселі де сәулетті, жаңа мектепте оқитын болғаны үшін әсіресе, балалар қатты қуанып жүр. Ата-аналар да дән риза. Бір сөзбен айтқанда, шалғайда жатқан шағын ауылды бұл күні шаттық кернеді. Ауыл жұртшылығының осынау қуанышына ортақтаса келген аудан әкімі Рүстем Дәулет оқушылар мен ұстаздарды білім күнімен құттықтады. Облыстық мәслихаттың депутаты, ауданның Құрметті азаматы Сембек Сейдәзімов, ауыл ақсақалы Рысбек Аптауов ақжарма тілектерін жеткізді. Мердігер компанияның директоры Юрий Минаков мектеп директоры Мұхит Оңғарбаевқа мектептің символи-калық кілтін табыс етті.
Дүйсенбек ОРМАНОВ.
Жамбыл ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Нар қазақтың намысындай наркескен
- 29 шілде, 2025
Соғыс ардагерлерінің есімін көшеге беруге бола ма?
- 29 шілде, 2025
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді