Субсидия беріле ме?
Жылда қант қызылшасын егіп, оны қант зауыттарына өткіземіз. Бүгінге дейін тәтті түбірдің әр килограмына мемлекет белгілеген субсидияны алып келдік. Енді биыл қант қызылшасын өсірушілерге субсидия берілмейді дейді. Осы ақпарат рас па?
Беріккүл Айнабекова,
«Ержан» шаруа қожалығының жетекшісі.
Жуалы ауданы.
Қант қызылшасы алқаптарын азайтпау туралы тапсырма берілді. Оның көлемін биыл арттырмаса, кемітпейміз. Ал балтамыр өсірушілердің алаңдауына негіз жоқ. Биыл да оның әр килограмына 12 теңгеден субсидия төленетін болады. Оған облыстық бюджеттен 1,5 миллиард теңге қарастырылып отыр.
Тұңғыш ТЫНЫСБЕКҰЛЫ,
облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы
басқармасының баспасөз хатшысы.
Ұқсас жаңалықтар
«Арманыма жеттім деп ойлаймын»
- Бүгін, 03:09
Шәкен Ниязбековтың шығармашылық мұрасы – ұлт мақтанышы
- 6 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




