Әлеумет
«Гарант 24 Ломбард»: филиал директорларын қамағанша, пирамида құрушыны іздеу керек
- author «Ақ жол»
- 25 ақпан, 2020
- 243
«Гарант 24 Ломбард»: филиал директорларын қамағанша, пирамида құрушыны іздеу керек
«Гарант 24 Ломбард» және «Estate Ломбард» қаржылық ұйымдарына қатысты дау өршіп барады
Еліміздің әр аймағынан аталған компаниялардың филиалдарын басқарған тұлғаларды ұстау операциялары жалғасып жатыр. Полиция өткен екі тәулікте «Гарант 24 Ломбард» ЖШС-нің Атырау, Тараз, Павлодар, Қарағанды, Ақтау және Батыс Қазақстан облысындағы директорларын қамауға алғанын мәлімдеді. Құқық қорғау органдары күдіктілердің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-тармағы, яғни «алаяқтық» дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаған. Ал салымшылар көптеген қалаларда аталған қаржы фирмасының кеңселеріне жиналып, наразылық білдіріп жатыр.
Пирамида ұйымдастырушыларына байланысты нақты процессуалдық шешім қабылданған жоқ. Десе де, қоғамда аталған компанияның иелерінен тыс, мекемені жарнамалауға қатысқан әрі халыққа танымал азаматтарды айыптау белең алды. «Гарант 24 Ломбард» және «Estate Ломбард» қаржылық ұйымдарының жұмысын жарнамалады делінген бірнеше эстрада әншісі мен актерлер әлеуметтік желі арқылы халыққа үндеу жасап та үлгерді. Azattyq Rýhy ақпарат агенттігі эстрада әншілерінің, вайнерлер мен спортшылардың күмәнді қаржы ұйымын жаппай жарнамалауына қатысты Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның пікірін білмек болған еді. Алайда, танымал әнші бұл жаңалықтан хабары жоқ екенін жеткізді. «Бірақ әріптестерімнің мұндай дау-дамайлардан аулақ болғанын қалар едім» деп қысқа қайырды ол.
«Мен мұның не екенін сізден естіп тұрмын. Ломбард сияқты жарнама түрлеріне мені шақырмайды, өзім де түспеймін деп басынан айтқанмын. Өзім қатыспаған соң, өзгелерге де сондай кеңес берер едім. Бірақ кімнің жарнама жасап жатқанын көрмеппін», - дейді Қазақстанның халық әртісі.«ӘРТІСТЕР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛСЫН» Меруерт Түсіпбаева әлеуметтік желілерде, БАҚ беттерінде өз әріптестеріне қатысты қатқыл пікірлер айтып, кейбір қоғамдық маңызды оқиғаларда өз ойын білдіріп тұрады. Ол жарнама арқылы халықты қаржы салуға үгіттеген әртістер «кешірім сұрап», жауапкершіліктен құтылып кетпеуі керек деп есептейді.
«Қазақта «Бақ пен тақты салмақты адам ғана көтереді» дейтін сөз бар. Инстаграм жоқ кезде де халық әртістерді, актерлерді танитын. Вайнер, блогер дегендер шықты, қазір солар шешінсе де, киінсе де жұлдыз болып, халыққа кесірін тигізіп жатыр. Инстаграмда мыңдаған жазылушысы болса болды, соны мүмкіндік ретінде пайдаланып жатады. Мұнда заңның дұрыс жұмыс істемеуін атап айтар едім. Мәдениет министрінің өзі лотерея туралы мінберден айтты да, қоя салды»,- дейді М. Түсіпбаева.Ол «Гарант 24 Ломбард» қаржы ұйымына қатысты жарнамалық роликтерге түскен әнші, актерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту керек деп есептейді. ҚР ҚК 274-бабында көрсетілгендей, бұл істе де көрінеу жалған ақпарат тарату белгілері бар. Әртістердің өзі толық зерттеп, көзі жетпеген өнімді жарнамалай кетуі - қателік. Жасаған соң, жауапкершілікті мойнына алу да азаматтықдейді эстрада әншісі. Ломбардтар несие тарихын тексереді: шағын қаржы ұйымдары өзгеріске дайын болмай шықты Кеше ағайынды Асылхан және Артур Төлеповтер, әнші Айқын Төлепбергенов және вайнер Мейіржан Төребаев әлеуметтік желідегі өз парақшалары арқылы халықтан кешірім сұрады. Олар бейнеүндеуде өздерінің де аты аталған қаржы ұйымының құрбаны болғандарын айтады. Әнші Айқын досымен бірге көлігін кепілдікке қойып алданғанын айтса, Артур Төлепов салымшы ретінде отбасының жинап жүрген қаражатынан 13 млн теңге жұмсағанын айтып ағынан жарылады. Ал белгілі вайнер Мейіржан Төребаев «Гарант 24 Ломбард» компаниясын сотқа беретінін мәлімдеді. Ришат Асқарбекұлы, Алматы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді