Әскери бөлімнен қарумен қашқан сарбаз ұсталды - ІІМ
Арнайы операцияны ІІМ мен ҰҚК жедел тобы жүргізген
Фото: otyrar.kz
Ордабасы ауданы Бадам станциясы маңындағы әскери бөлімнен 30 атыс қаруын ұрлап қашқан сарбаз ұсталды. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Сарбазды ұстау операциясын ІІМ мен ҰҚК арнайы жедел тобы бірігіп жүргізген.
«Бүгін әскери бөлімнен қару-жарақ ұрлап қашқан 1995 жылы туған Абылай Балғынбай ұсталды. Қаруды ұрлау фактісі бойынша ҚР ҚК 291 бабы бойынша тергеу жүріп жатыр», - деді ІІМ өкілдері.Естеріңізге сала кетсек, бүгін әлеуметтік желілерде Абылай Балғынбай есімді сарбаздың Ордабасы ауданы Бадам станциясы маңындағы әскери бөлімнен 30 АК-74 автоматын, 27 ПМ тапаншасын, 400 дана 5,45 оғын алып қашқаны туралы ақпарат тарады. Бұл оқиғаны Қорғаныс министрлігі де растаған еді.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




