Әлеумет
Головкиннің титулды жекпе-жегінің уақыты үшінші мәрте ауыстырылып жатыр
- author «Ақ жол»
- 19 ақпан, 2020
- 462
Головкиннің титулды жекпе-жегінің уақыты үшінші мәрте ауыстырылып жатыр
Себебі Генадий Головин жарақат алып қалған.
Орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) рингке оралуы кейінге шегерілді. ESPN журналының мәліметінше, боксшы жарақат алып қалған, деп хабарлайды vesti.kz. Осыған байланысты Головкин және оның командасы IBF ұйымынан титулды қорғауды шегеруді сұрады. Алдын ала мәлімет бойынша, GGG-дің міндетті қарсыласы польшалық Камил Шереметаға (21-0, 5 КО) қарсы жекпе-жегі мамыр немесе маусымда өтеді.
Бастапқыда GGG рингке ақпанда шығады деп күтілген, алайда, кейін жекпе-жек уақыты наурызға өзгертілді. Осыдан кейін тағы да 11 сәуірге шегерілді, ал кездесу өтетін орын ретінде АҚШ-тың Чикаго қаласы аталған. Сонымен қатар, бұл жекпе-жек Қазақстанда өтуі ықтимал екені де хабарланған.
Осыған байланысты DAZN өкілі Головкин - Шеремета жекпе-жегін өткізетін басқа уақыт қарастырып жатқандарын растады. Ал боксшының промоутері Том Леффлер жағдайға қатысты пікір білдіруден бас тартты.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




