Жаңа медаль тағайындалды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен ел Конституциясының 25 жылдығы құрметіне арналған мерекелік медаль тағайындалды. Президент өз Жарлығында аталған медальдың Конституцияның үстемдігін қамтамасыз етуге, Қазақстанның конституциялық негіздерінің қалыптасуы мен дамуына, адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға елеулі үлес қосқан Қазақстан азаматтары мен шетел азаматтарын көтермелеу мақсатында тағайындалғанын атап өтті.
Сонымен қатар Жарлықта Қазақстан Конституциясының 25 жылдығы құрметіне мерекелік медальді тағайындау, онымен наградтау қағидалары, медальдің сипаттамасы қоса берілді. Медальмен наградтау қағидаларында оны беру туралы ұсыныстарды Мемлекет басшысына Парламент палаталарының, өзге де мемлекеттік органдардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, облыс әкімдерінің, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің енгізе алатыны айтылған. Ұқсас жаңалықтар
«Арманыма жеттім деп ойлаймын»
- Бүгін, 03:09
Шәкен Ниязбековтың шығармашылық мұрасы – ұлт мақтанышы
- 6 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




